Бүгін Алматыда гольфтен Kazakhstan Open турнирі басталды. Бұл турнирдің "Еуропа Челлендж" турының белді кезеңі болып есептелетінін айта кетейік. Биыл бәйге елімізде осымен 10-шы рет өткізіліп отыр. Бұл 11-ші турнирге әлемнің 132 елінен келген спортшылар қатыстып жатыр.
Бірінші күннің нәтижесі бойынша, бірінші орынға даниялық Joachim Hansen табан тіреді. Екінші орын осы елден келген Mads Søgaard-қа бұйырса, үшінші орында америкалық Sihwan Kim тұр. Айта кетелік, бұл қорытынды нәтиже емес. Турнирдің жеңімпаздары 12 қыркүйек күнгі ойында белгілі болады.
Турнир аяқталған соң Массагет сайтынан турнирге қатысты фоторепортаж жарияланады. Сайтқа кіріп тұруды ұмытпаңыздар.