20-21 сәуір күндері Алматы қаласында Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді, - деп хабарлайды ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған әлемдік додаға 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 1999-2001 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.
Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресейден барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
"Халық Арена" спорт сарайында өтетін Азия кубогының жарыс кестесі:
20 cәуір
Жасөспірімдер
Жарыстың басталуы – 10:00
Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:30
Финалдық белдесулер – 17:00
Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, +90 кг;
Қыздар: -40 кг, -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;
21 сәуір
Жастар
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық белдесулер – 16:30
Ұлдар: -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг;
Қыздар: - 48 кг, - 52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;
***
Махмұтов Бекет Сапабекұлы - Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ, Азия дзюдо Одағының вице-президенті қызметін атқарған.