Алматыда «Arlan Grip Open» халықаралық турнирі өтті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Алматыда «Arlan Grip Open» халықаралық турнирі өтті
Фото ©️ Kazakhstan Top Team

16-17 қыркүйек күні Алматы қаласында, «Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінде» Грепплинг күресінен «Arlan Grip Open» халықаралық турнирі өтті.

БӨЛІСУ

Алғашқы күні 7 жастан 18 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынаса, келесі күні ересектер қатысқан болатын. Бұл халықаралық турнирге 500-ден астам спортшы қатысты. Оның басым көпшілігі 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар болды. Грепплинг күресінің ертеңгі болашағы, ол бүгінгі жас балалар екені сөзсіз. Осы турнирға 7-8, 9-11, 12-14, 15-17 жас аралығында, әр түрлі салмақ дәрежелері бойынша жас балалар күрескен болатын. Осы балалардын күресін қарап көрермендер өз ризашылығын білдірді.

Турнирдің алғашқы күнінде ерекше көзге түскен Құлымбетова Жібек болды. Ол 7-8 жас аралығындағы ер балалармен күресіп чемпион атанды. Чемпион болу үшін 4 қарсыласын жеңді. Қарсыластары да жоғары деңгейде жаттығып жүрген, тәжірбиелі спортшылар болатын. «Arlan Grip» турирінің ережесі бойынша 14 жасқа дейінгі қыз балалар мен ұл балалар араласып күреседі. 15 жастан бастап қыз балалар бөлек жарысқа түседі.

Джиу-джитсу (не-ваза) бойынша Алматы қаласының чемпионы, халықаралық турнирлардын Джиу-джитсу және грепплинг бойынша бірнеше дүркін чемпионы Жібек Құлымбетова: 

- Менің салмақ дәрежемде мықты әрі тәжербиелі қарсыластар бар екенін жақсы білемін. Алдыңғы жарыстарда мен олардан жартылай финал кездерінде ұтылып қалып, күміс, қола жүлдені қанағат тұтқан сәттерім болатын. Сол себепті осы жарыс алдында мен өз дайындығыма жақсы көңіл бөлдім. Жаттықтырушым Нұрсұлтан Орынбасаров ағайымның жаттығуынан қалмай қарсыластарымнан басым түсу үшін дайындығымды нығайта түстім. Осы дайындығымнын арқасында чемпион болып алтын медалға қол жеткіздім. Бұл менің жаттықтырушымның және «Kazakhstan Top Team» командасының жетістігі деп білемін. Ұл балалармен күресу мен үшін ешқандай қорқынышы жоқ. Себебі мен жаттығуда ұл балалармен күресіп дайындаламын. Бірақ ұл балалардын физикалық күші басым екені сөзсіз. Сондықтан да мен үнемі техникамды дамытуға және әр түрлі айла тәсілдерді үйренуге тырысамын. Джиу-джитсу мен грепплинг күресінің ұнайтын себебі бұл жерде көбінесе техникасы басым адам жеңіске жетеді. Сондықтанда бұл күрес түрін қатты жақсы көремін. Алла қаласы алдағы жылы Әлем чемпионатына барып, Қазақ елінің көк байрағын көкке көтергім келеді, - дейді.

Джиу-джитсу жəне грепплинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров

Келесі күнгі ересектер арасындағы жарыс өте тартысты өтті. Бұл турнирға аралас жекпе-жек клубтарының өкілдері де келіп қатысқан болатын. Атап айтсақ: Шахмарал Жетпісов, Аңсаған Құсайынов, Азамат Бақытов және тағыда басқа жекпе-жек өкілдері қатысып жүлделі орындар алды. Бұл турирде кәсіпқойлар бөлек салмақ дәрежесі бойынша, ал әуесқойлар бөлек, қыздар бөлек, және ардагерлер бөлек салмақ дәрежелерінде күресті.

Ардагерлер арасында «мастер 1», «мастер 2» котегориялары деп бөлінді. «Мастер 1» - 30 жастан жоғарылар, ал «мастер 2» - 35 жастан жоғарылар қатысады. Ең тартысты және қызықты күрестер кәсіпқойлар арасында өтті. Және ерекше әрі тартысты жарыстардын бірі ол қыздар арасындағы жарыстар болды. Қыздар арасында өте тәжірибелі спортшылар қатысты. Джиу-джитсудан, грепплингтан Әлем, Азия, халықаралық турнирлардың чемпиондары бақ сынады. Атап айтар болсақ, БАӘ Абу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатында чемпион атанып үлгерген Аида Курбанова, Шырын Бабашева, Дариға Аданбекова және халықаралық турнирлардан чемпион атанып жүрген Газиза Жапапбекова, Гүлззайда Нұртазинова сынды нағыз батыр қыздар қатысқан болатын. Араларынан үздік шыққан «Kazakhstan Top Team» командасының спортшысы Аида Курбанова болса, күміс жүлдені Шырын Бабашева, қоланы Дариға Аданбекова қанағат тұтты. Шырын мен Дариға «Checkmat» клубының өкілдері. 

Джиу-джитсудан әлем чемпионы, грепплингтан Азия чемпионы, Халықаралық турнирлердың бірнеше дүркін чемпионы, «Kazakhstan Top Team» командасының қыздар тобының жаттықтырушысы Аида Курбанова: 

-  Осы жолғы «Arlan Grip Open» турнирі мен үшін оңайға соққан жоқ. Себебі қарсыластар өте тәжірбиелі спортшы қыздар болды. Атап айтар болсам Әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері қатысқан еді. Маған осы жарыстын алдында суық тиіп, ауырып қалған едім. Осы жағдаймен мықты қарсыластарға қарсы тұрып күресу мен үшін қиын болды. Алғашқы қарсыласыма қолға ауырту әдісін жасап жеңіске жеттім. Финалдық кездесуде командамның қолдауынның арқасында соңғы минутта ұпай санымен алға шығып, Алланың қалауымен бірінші орын алдым.

9-10 желтоқсан айында осы жылдын қорытынды жарысы «Arlan Grip Finals» өтеді. Осы жарысқа көптеген елдер келіп қатысады. Ендігі кезек осы жарыста чемпион атану, Алдағы жарысқа өзімді және шәкіріттерімді жақсылап дайындап шығарамын». 

Джиу-джитсу және грепплинг федерациясы өткізіп жатқан халықаралық турнирдің пайдасы өте зор. Осы күрес түрін Республика көлемінде дамытып, әлемдік ареналарда еліміздің атын шығаратын спортшылар көбейіп жатуына бірден бір себеп осы турнир десек артық айтқан болмаймыз. Сондай-ақ ережесіз жекпе-жектің дамуына да бір пайдасы бар екені сөзсіз. Себебі джиу-джитсу және грепплинг шеберлері ережесіз жекпе-жекте (мма) өнер көрсетіп жеңіске жетіп жатыр. Өйткені осы күрестің элементттері жекпе-жекте көп қолданылады. 

Кәсіпқой ережесіз жекпе-жек спортшысы, грепплингтан Азия чемпионы, джиу-джитсудан бірнеше Әлем чемпиондарын шығарып үлгерген жас бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров

- Осындай турнирдің көптеп ұйымдастырылғаны спортшылар үшін пайдасы зор. Федерация президенті Төлеген Құмаров және осы турнирді ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз. Қазіргі кезде мықты спортшылар шығып жатыр. Балалардын қызығушылы өте зор. Джиу-джитсу және грепплинг күресінің болашағы зор екенін жақсы білемін. Оның дәлелі 18 жасқа дейінгі балалардың осы жарысқа қызығушылығы өте жақсы. Менің шәкіріттерімнің көбісі жақсы нәтиже көрсетті. Арасында орынға іліне алмағандар да болды. Олар үшін бұл турнир үлкен тәжірбие болды. Мен жаттықтыратын «Kazakhstan Top Team» командасының балалары жақсы нәтиже көрсетті. 

1 орын Құлымбетова Жібек 7-8 жас, 28 кг 
1 орын Айсен Қуаныш 7-8 лет, +32 кг 
1 орын Зарканов Думан 9-11 лет, +46 кг 
1 орын Серік Алдияр 12-14 жас, 55 кг 
1 орын Бекмұрат Нұртуған 15-17 жас, 75 кг 
2 орын Ақжолтай Əділхан 7-8 жас, 28 кг 
2 орын Нұрсағат Саят 7-8 жас, 32 кг 
2 орын Жаманбай Бекзат 9-11 жас, 45 кг 
2 орын Кучкаров Нұрлыбек 15-17 жас, 50 кг 
2 орын Жұмаділ Елжан 15-17 жас, +75 кг 
3 орын Баймухан Амир 7-8 жас, 24 кг 
3 орын Гуламетдинов Илхам 7-8 жас, 28 кг 
3 орын Мәдениет Ерасыл 7-8 жас, +32 кг 
3 орын Жақыпбек Нұржан 12-14 жас, 55 кг