Алматы қаласында 11 қыркүйек күні кезекті велошеру өтті. Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өткізілді.
Велошеру «Нұрлы Тау» БО-нан сағат 09:00-де бастау алып, Республика сарайы алаңында аяқталды. Велошеруге қала тұрғындары мен танымал тұлғалар да қатысты.
Олардың қатарында 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, 2016 жылы қазақ күресінен «Алматы Барысы» атанған Виктор Демьяненко, Қазақстан әуесқой триатлон қауымдастығының президенті Мұратхан Тоқмади, триатлон спортының аңызға айналған спортшысы, «IRONMAN» турнирінің 14 дүркін жеңімпазы америкалық Крис МакКормак, регбиден ҚР қауымдастығының президенті Мұрат Уанбаев және т.б. болды.
9 шақырымға созылған велошеру соңы мерекелік концертке ұласты. "Қатысушылар арасында түрлі ойындар ұйымдастырылып, жүлделер мен түрлі сыйлықтар табысталды. Мұндай тосынсыйларды күтпеген жұртшылық үйлеріне разы болып тарқасты.
Ал Алматыдағы барлық велошерулерге белсенді қатысып жүрген Данас Урмурзин екі адамға арналған Валлония (Бельгия) жолдамасын жеңіп алды.