"Алматы турының" бірінші кезеңінде "Астана" велоспортшысы жеңіске жетті

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
"Алматы турының" бірінші кезеңінде "Астана" велоспортшысы жеңіске жетті
Фото ©️ Роман Кушпелев

"Алматы турының" бірінші кезеңінде "Астана" велоклубының италиялық легионері Давиде Виллелла жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Велоспортшылар бірінші кезең барысында 26,1 шақырымға созылып жатқан 7 қалалық айналым жасады. Жарыс басында фаворит саналған Давиде Виллелла үздік шықты. Ол мәреге 25 шақырым қалғанда қарсыластарынан қара үзді.

Давиде Виллелла "Астана" велоклубы сапында алғашқы маусымын өткізуде. Өткен жылы Испания "Вуэльтасының" таулы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.

Биылғы "Алматы турына" осы жарыстың төрт дүркін жеңімпазы Алексей Луценко қатысып жатқан жоқ. Отандасымыз бұл күндері Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында бақ сынауда.

Ертең жарыстың екінші кезеңі өтеді. Сағат 11:00-де "Халық Арена" алдынан бастауын алады. Мұнда велосипедшілер "ШААЖ-әл-Фараби" айналымын Тұңғыш Президент Саябағы алдындағы айналма арқылы 4,5 рет жүріп өтеді. Кейін Саябақтан Достық даңғылына дейін, ал бұдан кейін Медеу спорт кешеніне дейін жоғары көтеріледі. Бұл жол бөлігінде жол қозғалысы 11:00-ден 16:00-ге дейін (шамамен) шектеледі. Сонымен қатар "Медеудегі" мәреде болатын жеңісті сәтті тамашалайтын жанкүйерлер үшін 10:00-ден 12:00-ге дейін Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының ("Дариджани" мейрамханасына қарама-қарсы тұста) қиылысынан тегін автобустар қатынай бастайтынын ескертеміз. Жарыс аяқталғанда автобустар қалаға қайтады.