"Алматы туры-2017" кезінде автомобиль қозғалысы жедел шектеледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Веложарыс қатысушылары маршруттың нақтылы бір бөлігін жүріп өткеннен кейін жолдар қайта ашылып отырады. Кейбір жол бөліктері бар болғаны 20 минутқа қоршалады.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына автомобиль жолдары шектелетін уақыт пен маршрут жайлы толық мәлімет ұсынамыз.
Жарысушылардың маршруты қаланың тарихи орталығынан басталады. Кейін олар Төле би көшесі, Шығыс айналма автомобиль жолы, әл-Фараби даңғылы, Сайын көшесі және Момышұлы көшесімен жүріп өтеді. Жарыс Индустриалдық аймақ мен "Алматы Арена" мұз сарайында аяқталады.
Бірінші кезең. 30 қыркүйек
Қозғалыс шектеуі:
Төле би - Фурманов - Сәтбаев - Байзақов - Абай - Желтоқсан көшелерінің шаршысы - 09:00-ден 10:40-қа дейін.
Төле би көшесінен ШААЖ-ға, ШААЖ бойымен және әл-Фараби даңғылымен Индустриалдық аймаққа дейін - 10:40-тан 11:00-ге дейін.
Индустриалдық аймақ және "Алматы Арена" мұз сарайының алдындағы мәре - 11:00-ден 14:30-ға дейін
Екінші кезең. 1 қазан
Жарыс "Халық Арена" мұз кешенінен бастау алады. Сосын велошабандоздар ШААЖ және әл-Фараби даңғылы бойымен айналады. Жарыстың шарықтау шегі - Тұңғыш Президент Саябағынан Медеу мұз айдынына дейін финалдық спринт.
Қозғалыс шектеуі:
ШААЖ бойымен "Халық Аренадан" Тұңғыш Президент Саябағына дейін - 09:45-тен 14:00-ге дейін.
Тұңғыш Президент Саябағы, ары қарай Достық даңғылымен жоғары қарай Медеу мұз айдынына көтерілу - 12:40-тан 14:40-қа дейін.
"Алдыңғы жылдары сөресі мен мәресі дәл жолда орналасқан Турға дайындық инсталляциялық жұмыстарды жүргізу үшін жарыс қарсаңында түнде әл-Фараби даңғылын келесі күннің кешкі бесіне дейін жабуға мәжбүр болатын едік! Биыл жарыстың мәресі мен сөресі әр нүктеде орналасатындықтан, біз жолдарды жедел, динамикалық жабу әдісін қолданамыз. Спортшылар межеге жеткенде, жолдар қайта ашылып отырады. Алматы секілді ірі әрі қозғалысы жылдам қалада барлық техникалық ерекшеліктерді есепке алып, қалалықтарға барынша аз кедергі келтіретін жағдай жасауымыз қажет", - деп пікір білдірді Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті Дархан Кәлетаев.
Еске салайық, биыл мерейтойлық, бесінші тур тұңғыш рет екі күн бойы өтеді - 30 қыркүйек және 1 қазан. 29 қыркүйекте Республика Сарайының алаңында қатысушы командалардың таныстырылымы өтеді. Веложарыссүйер қауымға спортшылармен бірге әуесқой жарыстар, конкурстар және ұтыстар ойнатылады - бұл шаралар 28 қыркүйекте өтеді. Луценкомен қатар, жарысқа "Астана" құрамында әлем велоспортының жұлдызы - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері дат Якоб Фульсанг қатысады.