Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаеваға автокөлік пен 11,5 миллион теңгелік сертификат табыс етілді.
Бұл туралы Талдықорған қаласы күні қарсаңында жаңа «Жастар» паркінде паралимпиадашыларды марапаттау барысында белгілі болды.
Облыс әкімі Амандық Баталов автокөлік кілтін сыйлады.
Салатанатты шара аясында өңір басшысы Раушан Қойшыбаева мен Гүлбану Әбдіхалықованы құттықтап, зор денсаулық, отбасылық бақыт және барлық бастамаларда табыс тіледі.
Осылайша, күміс медаль иегері Раушан Қойшыбаеваға әкім автокөлік пен 11,5 миллион теңгелік сертификат сыйлады. Ал Паралимпиада ойындарында 7 орын алған Гүлбану Әбдіхалықоваға 1,5 миллион теңгелік сертификат берілді.
Сонымен қатар, бапкерлері де назардан тыс қалмай, бағалы сыйлықтар алды.
Дереккөзі: inform.kz