Алматы марафонында межеге бірінші болып келген қырғызстандық дисквалификацияланды

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
Алматы марафонында межеге бірінші болып келген қырғызстандық дисквалификацияланды
Фото ©️ 1bol.kz

Қырғызстандық спортшы Айнуска Калилқызы Қазақстанда өткен марафонда межеге алғашқы болып келсе де, бірінші орын ала алмады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

1bol.kz сайтының мәліметінше, ол жүгіру кезінде ереже бұзғаны үшін дисквалификацияланған. Алайда спортшы бұл оқиғадан мәреге жеткенде ғана хабардар болған.  

29 қыркүйек күні өткен дәстүрлі Almaty marathon-да Айнуска Калил қызы 21,1 шақырымдық межені 1 сағат 14 минут 27 секундта жүгіріп өткен. Бірақ мәре сызығын аттаған соң қырғызстандық спортшының есімі хаттамадан жоғалып кеткен.

Калилқызы жүгіріп келе жатқанда велосипедшінің қолынан су алғаны үшін дисквалификацияланған. Себебі жарыс ережесі бойынша, су мен тамақты тек арнайы орындардан алу керек.

Әлеуметтік желіде қырғыз жанкүйерлері реніштерін білдіріп, Қазақстандағы спорт жарыстары әділ өтпейтінін жазып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Көшпенділер ойындарында қазақтар мен қырғыздар арасында даулы мәселе болған еді. Нақтылай кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ойын тартысқа толы болып, 5:4 есебімен отандастарымыз жеңіске жеткен. Осы ойыннан кейін қырғыздардың көңілі толмай, наразылық танытқан болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!