Марафоннан әлем чемпионатына іріктейтін жарыстар қатарына "Алматы марафоны" кірді. Енді 2020 жылы өтетін "Алматы марафонына" 14 қазаннан бастап тіркеліп, жоғары нәтиже көрсеткен атлеттер жас санаттарына қарай әлем чемпионатына қатыса алады.
Биыл жас санатына қарай өтетін AbbottWMM Wanda Age Group World Championship тізіміне 125 жарыс енген. Әлем чемпионатына 40 жастан асқан және өздері таңдаған санатта жоғары нәтиже көрсеткен атлеттер қатысады. Толық тізім мына сілтемеде.
2021 жылы өтетін екінші Чемпионатқа жолдаманы 2019 жылдың 30-қыркүйегі мен 2020 жылдың 11- қазаны аралығында өтетін біліктілік жүгіру жарыстарында мәреге сәтті жеткен спортшылар алады.
2021 жылы өтетін екінші әлем чемпионатына 2019 жылдың 30 қыркүйегінен 2020 жылдың 11 қазаны аралығындағы іріктеулерде жақсы нәтиже көрсеткендер жолдама алады.
Іріктеу жарыстарында 40-44, 45-49, 50-54, 55-59, 60-64, 65-69, 70-74, 75-79 және 80+ жас санаттары болады. Атлеттерге ұпайлар олардың жынысы, жасы мен нәтижесіне қарай беріледі.
Кез келген жас санатындағы жеңіпаз максимал 4000 балл жинай алады. Бұл ретте AbbottWMM сериясына кіретін марафондардағы жас санаттары бойынша жеңіпаздар автоматты түрде 4000 балл алады.
World Marathon Majors (оның ішінде "Алматы марафоны" бар) сериясына кірмейтін іріктеу жарыстарына қатысатын атлеттер үшін "платина уақыт" есептелді."Платина уақыт" нәтижелердің толық тізімін және балдарды қосу жүйесін Abbott WMM Wanda Age Group және AbbottWMM сайттарынан білуге болады.
"Алматы марафоны" жыл сайын жоғары халықаралық деңгейге көтеріліп келеді. Енді марафон өзге елдерден бұдан да көп атлеттерді қабылдай алады, ал іріктеуді ұту мүмкіндігі 40 жастан асқан спортшылар үшін ынта берері сөзсіз. Қазірдің өзінде қатысушылар бұл жаңалықты назарға ала отырып, халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлай алады. Барлық атлетті "Алматы марафонына" қатысып, өз күшін байқауға және Чемпионатқа қатысу мүмкіндігіне ие болуға шақырамыз!", – дейді "Алматы марафоны" директоры Салтанат Қазыбаева.
"Алматы марафоны" 2020-жылы 19 сәуірде Алматыда өтеді. Қатысушылар 42,2 км, 21,1 км, 10 км, скандинавиялық жүріс (10 км), Экиден командалық эстафетасы (6 қатысушы үшін 42,2 км) бойынша қатыса алады. Келесі жылы балалар қашықтығы болмайды. 15 жасқа толмаған қатысушылар 2020 жылдың мамыр айында өтетін жеке-дара жүгіру жарысына қатыса алады.