Алматы 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге 62 пайызға дайын

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Алматы 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге 62 пайызға дайын

Халықаралық Олимпиада комитетінің бағалауынша Алматы қаласының инфрақұрылымы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге 62 пайызға дайын. Бұл туралы КТК телеарнасына ҚР Олимпиада комитетінің мүшесі Андрей Крюков хабарлады.  

БӨЛІСУ

«62% дегеніміз бұл барлық спорттық инфрақұрылымдағы үлес. Бізге енді қалып отырғаны шана-бобслей трассасы мен мәнерлеп сырғанауға арналған 12 мың көрермендік стадион салу ғана. Себебі қалған спорт түрлеріне арналған жолдар мен нысандардың барлығы бізде бар. Олардың барлығы 2017 жылы Универсиада ойындары кезінде тағы бір сынақтан өтеді», – дейді Крюков.

Айта кетейік, осыған дейін 2022 жылы Ақ Олимпиаданы қабылдауға үміткер қалалардың арасынан польшалық Краков қаласы тұрғындардың қолдауына ие болмағандықтан олимпиаданы қабылдаудан өз еркімен бас тартқан болатын. Енді қазіргі кезде Алматының басты бәсекелестері ретінде үш қала қалып отыр. Олар норвегиялық Осло, қытайлық Пекин және украиналық Львов қалалары.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sports.kz