Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов 9 желтоқсан күні спорттық мансабындағы 5-ші жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы – латвиялық Эдуардс Герасимовс.
Жекпе-жек Польша жерінде өтеді. Қазақстандық боксшының 20 жастағы қарсыласы осыған дейін кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп үлгерген. Оның 6-да ғана жеңіске жеткен. 10 жекпе-жегінде жеңіліп, 1 кездесуін тең аяқтаған.
Али Ахмедов соңғы жекпе-жегін Алматыдағы Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы бокс кешінде өткізген еді. Әзірбайжандық Али Маммедовты бірінші раундта-ақ жеңіп шыққан болатын.
21 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста 4 кездесу өткізіп үлгерді. Оның барлығын уақытынан бұрын аяқтады.