Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой рингте жетінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
БӨЛІСУ
21 жастағы қазақстандық 30 жастағы америкалық Кент Холландпен жұдырықтасты. Отандасымыз жеңіліп көрмеген қарсыласын бірінші раундта-ақ жеңіп шықты. Осылайша қазақстандық бокстағы мансабында тұңғыш рет титулдық кездесуге шығып, WBC белбеуі жүйесіне кіретін NABF титулының жаңа иесі атанды.
Али Ахмедов кәсіпқой бокстағы жеті жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Оның бесеуінде уақытынан бұрын ұтып шықты. Ал Кент Холланд өзінің алтыншы кездесуін өткізді, сондай-ақ ол бірінші рет жеңіліп тұр.