Әлемнің бірінші ракеткасы Австралия турында жеңіліп қалды

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
BAUKENTI ZHAQSYMBET>
Әлемнің бірінші ракеткасы Австралия турында жеңіліп қалды
Фото ©️ sport-xl.org

Теннистен Австралия ашық чемпионатында әлемнің бірінші ракеткасы, британдық Энди Маррей Михаил Зверевтен сенсациялы жеңіліске ұшырады.

 Үш жарым сағатқа созылған төртінші айналым матчында әлемнің елуінші ракеткасы 7:5, 5:7, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл британдық жеңілген 2009 жылдан кейінгі ойын. Роджер Федерер - Кей Нисикори жұбының жеңімпазы Зверевтың ширек финалдағы қарсыласы болмақ. «Ойында сабыр сақтау қиын болды», - деді германиялық теннисші, ол ешқашан Үлкен шлемнің ширек финалына жетіп көрмеген. Бұған дейін Австралияның ашық чемпионатында әлемнің екінші ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович өзбекстандық Денис Истоминнен жеңілген еді. Australian Open Үлкен шлемнің төрт турнирінің бірі. Оның биылғы жүлде қоры 37,5 млн долларды құрады.

Дерек көзі: baq.kz