Әлемге әйгілі теннисші мансабын аяқтайтын болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Әлемге әйгілі теннисші мансабын аяқтайтын болды
Фото ©️ championat.com

38 жастағы испандық теннисші Рафаэль Надаль мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желісінде хабарлады, – деп жазады msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Теннисші қараша айында өтетін Дэвис кубогынан кейін спортпен қоштасады. "Баршаңызға көп-көп рақмет" деп, 12 тілде алғысын білдірді. 

Рафаэль Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. 22 рет "Үлкен дулыға" жарыстарында топ жарған. 209 апта бойы әлемнің бірінші ракеткасы болды, екі рет Олимпиада ойындарында чемпион атанды. Мансабында 92 чемпиондық атақ ұтып алған.