Алматылық «Қайрат» футбол клубы 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ардагерлер ойыншылары мен әлем футболының «жұлдыздары» арасында жолдастық кездесу өткізді. Мерекелік кездесуде қонақтар бар қарымын байқатып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жоспарланған уақыттан кешірек басталған ойында басымдықты қонақтар бірден қолға алды. Есепті 13-ші минутта 2004 жылы «Алтын доп» иегері атанған Андрей Шевченко ашты. Одан кейінгі сәттерде де украиналық футболшыны тоқтату мүмкін болмады. Құралбек Ордабаев қорғаған қақпа торына үш бірдей допты тоғытты. Нәтижесінде кездесуде покер авторы атанды. Шау тартпаған әлем футболының «жұлдыздары» шеберліктерін көрсетіп бақты. Луиш Фигудың бірнеше гол соғатын сәттері де болды. Ал бірінші таймда қонақтар қақпасын қорғаған Йенс Леманн иелегіне доп келе де қоймады.
Екінші таймда «Қайрат» ардагерлер футболшыларының нөлдік нәтижемен жеңілмеуіне мүмкіндік туды. Өз кезегінде Игорь Авдеев белсенсе, Кристиан Вьери ойындағы соңғы есепті тіркеді. Қорытындысында 1:5 есебімен Фавио Капелло бастап келген ұжымның мысы басым болды. Бір айта кететіні, әлем футболының «жұлдыздарының» жас айырмасы отандастарымыздан кіші екені айтпаса да белгілі.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com