Әлем чемпионы қарсыласын тістеп алды: кездесу жаппай төбелеске ұласты

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>

Гандболдан әлем чемпионы "Кельце" командасындағы испаниялық Хорхе Македо "Висла Плоцк" ойыншысын ойын кезінде тістеп алып, командалар арасында төбелес тудырды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Оқиға Польша чемпионаты матчында болған. Испандық гандболшы позицияны жеңу үшін бір эпизодта қарсыласына шабуыл жасап, күтпеген жерден оған тісі батып кеткенін айтады.

Төреші бірден әрекет етіп, Македоға қызыл қағаз көрсетті. Команданың жаттықтырушылар штабы төрешінің шешіміне наразы болды.

"Жаттықтырушы Талант Дүйшебаев пен испандық Ксавье Сабате ойын соңында түкіріп, нәсілдік балағат сөздер айтып, төбелесіп қалды", – деп хабарлайды Marca.

Бейнежазбада екі команданың ойыншылары өз ойын дәлелдеу үшін кортқа шыққаны көрінеді. Көп ұзамай, ұрыс төбелеске ұласты.

Айта кетейік, кездесу 29:25 есебімен Висла Плоцктың жеңісімен аяқталып, тістеу оқиғасы арнайы комиссияның қарауына жіберілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!