Әлем чемпионатында бақ сынайтын дзюдошылардың тізімі бекітілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Әлем чемпионатында бақ сынайтын дзюдошылардың тізімі бекітілді
Фото ©️ fdk.kz

24-30 тамыз аралығында Астанада дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Осыған орай, Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қосыны дүбірлі додаға қатысатын спортшылар тізімін бекітті.

БӨЛІСУ

Рио Олимпиадасына лицензиялық ұпайлар тарататын әлем чемпионатына 123 елдің спортшылары қатысуға өтініш білдірген. Барлығы 823 спортшы (495 ер, 328 қыз) қатысатын болады. Сонымен қатар 160 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тіркеуден өткен.

Қазақстан ұлттық құрамасының намысын 24 дзюдошы қорғайтын болады. 18-і жекелей сында бақ сынаса, 6 спортшы командалық жарыста татамиге шығады. Бапкерлер түзген тізімге моңғол қызы Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі) пен 2013 жылғы «Қазақстан барысының» күміс белбеу иегері Ержан Шынкеев (+100 келі) енген. Ал биылғы «Қазақстан барысының» күміс белбеу иегері Руслан Әбдіразақов тізімге енбей қалыпты.

Ерлер:

Елдос Сметов (60 келі) 
Рустам Ыбраев (60 келі) 
Айбек Имашев (60 келі) (Командалық жарыс)
Азамат Мұқанов (66 келі) 
Елдос Жұмақанов (66 келі) 
Жансай Смағұлов (66 келі) (Командалық жарыс)
Дастан Ықыбаев (73 келі) 
Ринат Ибрагимов (81 келі) (Командалық жарыс)
Азиз Қалқаманұлы (81 келі) 
Самат Есен (90 кг) (Командалық жарыс)
Ислам Бозбаев (90 келі) 
Максим Раков (100 келі)
Ержан Шынкеев (+100 келі) 

Қыздар:

Александра Подрядова (48 келі) 
Отгонцецег Галбадрах (48 келі)
Ленария Мингазова (52 келі) 
Олеся Куценко (52 келі) 
Назгүл Құбашева (57 келі (Командалық жарыс)
Мариан Урдабаева (63 келі)
Ділбар Өмірәлиева (70 келі) 
Жанар Қашқын (70 келі) 
Альбина Амангелиева (78 келі)
Гүлжан Исанова (+78 келі) 
Зарина Абдурасулова (+78 келі) (Командалық жарыс) 

Айта кетейік, Астанадағы әлем чемпионаты «Алау» мұз айдынында өтеді. Тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсетілім тарататын болады.