Бүгін футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеуі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы ең соңғы ойынын Ираландия құрамасына қарсы өткізеді.
Дублиндегі ойын алдында әдеттегідей пресс-конференция ұйымдастырылды. Баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап беруге ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранек және ұлттық құрама ойыншылары Андрей Карпович пен Марк Гурман келді.
Мирослав Беранек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:
- Біз өз мүмкіндігімізше жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысамыз. Осы іріктеу ойынын жеңіспен аяқтағымыз келеді. Мен әрқашан да ойыншыларға қандай елмен ойнап жатқанын, намысқа тырысуын айтумен боламын. Өкінішке орай ойынға Юрий Логвиненко, Анатолий Богданов және Андрей Финонченко секілді ойыншыларымыз шыға алмайды.
Андрей Корпович, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы:
- Біз қарсыласымыздың әлеуетін білеміз және жақсы сыйлаймыз. Бірақ біз Дублинге жеңіс үшін келдік. Жанкүйерлерімізге жақсы ойын мен қуаныш сыйлағымыз келеді. Ойын алдындағы жаттығуда көп күш төктік. Соның нәтижесі жолында еліміздің намысы үшін күресетін боламыз.
Ирландия құрамасының бас бапкері Ноэль Кинг баспасөз беттерінің біріне берген сұхбатында: «Біз Қазақстанмен тек жеңіс үшін ойнаймыз. Жанкүйерлердің қолдауы, ойыншылардың шеберлігі өз нәтижесін береді деп сенемін. Әрине Қазақстан құрамасы нашар команда емес, жақсы қорғана алады, қарсы шабуыл ұйымдастыра біледі. Алайда біз бар күшімізді саламыз. Алғашқы ойында біз қазақстандықтардан ұтылып қалуға сәл-ақ қалдық. Енді командамыздың жемісті ойнауы үшін бар мүмкіндікті пайдаланамын» депті.
Ал, қарағандылық «Шахтер» командасының бас бапкері Виктор Кумыков та ұлттық құраманың тең ойынға мүмкіндігі бар деген пікірін білдірді.
Бүгін өзге топтарда шиелініске толы маңызды ойындар болады деп күтілуде. Жолдама жолында соңғы қадам болғандықтан, командалар жан берісіп жан алысатын болады.
«А» тобында жолдаманы Бельгия құрамасы иеленіп қойды. Екінші орын Хорватия құрамасының еншісінде. Сондықтан да бұл топта бүгін айтарлықтай маңызды ойын ойналмайды.
«В» тобында жолдаманы Италия құрамасы күні бұрын иеленіп қойған болатын. Ал екінші орынға Болгария, Дания, Армения, Чехия құрамаларынның қайсының да мүмкіндігі бар.
Біздің топта яғни, С тобында жолдама тағдыры шешіліп қойған еді. Немістер 22 ұпаймен көш басында болса, 17 ұпаймен Швеция құрамасы екінші орында тұр. Бүгінгі ойынның нәтижелері бұл екі команданың кестедегі орнына әсер ете алмайды.
Д тобында екінші орын үшін Түркия, Румыния құрамалары таласпақ. Бұлардың қатарында Венгрияның аз да болса мүмкіндігі бар. Ал тікелей жолдама Голландияның еншісінде.
Е тобында Швейцарияның жодамасы қалтасында. Енді бүгін Исландия мен Словения екінші орын үшін таласатын болады.
Ғ тобында Ресей мен Португалияның да тікелей жолдамадан дәмесі бар. Екеуі де бірінші орын үшін һәм жолдама үшін барын салатын болады. Орыстарға Әзірбайжанды ұтса жетіп жатыр. Ал Португалияға Люксембургті ұтып, Ресейдің сүрінгенін тілеу керек боп тұр.
G тобында негізгі шиеленіс Босния мен Грекияның арасында өтеді. Екі ұжымнның да ұпайы тең. Гректер Лихтенштейн құрамасын қабылдаса, Босниялықтар Литваға қонаққа барады. Жеңгені тікелей жолдаманы қалтаға басатын болады. Қалған құрамалардың екінші орыннан үміті жоқ.
Н тобында Англия, Украина, Черногория құрама командаларының жолдамадан үміті бар. Үшеуінің қайсының Бразилияға тікелей жолдамамен баратынын бүгін анықтаймыз.
І тобында тікелей жолдамаға Испанияның мүмкіндігі молырақ. Жолдамадан Францияның да дәмесі бар. Ол үшін өздері жеңіп қана қоймай, Испандықтардың ұтылғаны керек. Ал Испания Грузияны ұтса тікелей жолдаманы алады.
Бүгінгі болатын ойындар толығырақ:
Сербия | - | Македония | ||
Бельгия | - | Уэльс | ||
Шотландия | - | Хорватия |
Болгария | - | Чехия | ||
Дания | - | Мальта | ||
Италия | - | Армения |
Фарерь аралдары | - | Австрия | ||
Ирландия | - | Қазақстан | ||
Швеция | - | Германия |
Венгрия | - | Андорра | ||
Румыния | - | Эстония | ||
Түркия | - | Нидерланды |
Кипр | - | Албания | ||
Норвегия | - | Исландия | ||
Швейцария | - | Словения |
Әзірбайжан | - | Ресей | ||
Португалия | - | Люксембург | ||
Израиль | - | Солтүстік Ирландия |
Греция | - | Лихтенштейн | ||
Литва | - | Босния және Герцеговина | ||
Латвия | - | Словакия |
Черногория | - | Молдова | ||
Сан-Марино | - | Украина | ||
Англия | - | Польша |
Франция | - | Финляндия | ||
Испания | - | Грузия |
Естеріңізге сала кетейік, Ирландия-Қазақстан ойынын Астана уақытымен 00:45-те "Қазақстан" және "KAZsport" арналарынан көре аласыздар.
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: prosportkz.k, vesti.kz, sports.kz