Әлем чемпионаты: Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда сүрінді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Әлем чемпионаты: Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда сүрінді
Фото ©️ kfb.kz

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында Тұрсынбай Құлахмет шаршы алаңға шықты.

БӨЛІСУ

75 килоға дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет филппин боксшысы Эймур Марисальмен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті (5:0) филппин боксшыға берді. Тұрсынбай Құлахмет бірінші раундта нокдаунға түсіп, екінші, үшінші раундта қарсыласының қарымына шыдас бере алмады.

Бұған дейін жекпе-жек өткізіп үлгерген Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңіліс тапты. Ол үнді боксшысы Амит Пангхалға 2:3 есебімен есе жіберіп, қола жүлдені еншіледі.

Айта кету керек, Қазақстан жартылай финалға шыққан боксшыларының саны бойынша әлем чемпионатында көш бастап тұр. Біздің алты бірдей боксшымыз 1/2 финалға жолдама алды. 

Бүгін тағы төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар:

Күндізгі сессия, 16:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)

91 кг: Василий Левит - Хулио Сезар Кастиллио (Эквадор)

Кешкі сессия, 20:00

69 кг: Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей)

81 кг: Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Сезар Ла Круз (Куба)

+91 кг: Қамшыбек Қоңқабаев - Джастис Хуни (Аустралия)