Әлем чемпионаты. Қазақстан-Португалия ойынын қайдан көруге болады?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Әлем чемпионаты. Қазақстан-Португалия ойынын қайдан көруге болады?
Фото ©️ ©KFF.kz

Бүгін футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан мен Португалия құрамалары кездеседі. Қазақстандықтар бұл ойынды тікелей эфирде тамашалай алады, – деп хабарлайды msports.kz сайты.

БӨЛІСУ

1/8 финалдағы ойын Әндіжан қаласындағы әмбебап спорт кешенде өтеді. Қазақстандағы уақытпен сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетілім таратады. Сондай-ақ FIFA+ желісі арқылы (тегін, тіркелу маңызды) да тамашалауға болады. 

Қазақстан құрамасы D тобында болып, екінші орынмен плей-оффқа шықты. Бірінші орынмен шыққан Испания кеше Венесуэладан ұтылып, жарысты аяқтады. 

Португалия – қазіргі әлем чемпионы атағына ие құрама және жарыс фавориттерінің бірі. Топта Панама (10:1), Тәжікстан (3:2) және Марокко (4:1) құрамаларын ұтып шықты. 

Бүгінгі ойынға Қазақстан құрамасы сапында Лео қатыса алмайды. Ол Жаңа Зеландияға қарсы өткен кездесуде қызыл қағаз алып кеткен еді.