Әлем чемпионаты жеребесі әділ өтті ме? (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Әлем чемпионаты жеребесі әділ өтті ме? (видео)

Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының жеребесі 6 желтоқсан күні тартылған болатын. Ұлттық құрамалар қарсыластарын білген еді. Дегенмен испандық El Mundo Deportivo басылымы жеребенің әділ өткенімен келіспей отыр.

БӨЛІСУ

Жеребе тастау алдында твиттерде «Бразилия – 2014. Алаяқтық» деген аккаунт пайда болған-ды. Кейіннен аталған аккаунттан Аргентина ұлттық құрамасы «F» тобына түседі және оның қарсыластары Иран, Босния және Нигерия болады деген хабарлама жазылған. Ал Италияның екінші себетте орналасатынын да жазған-ды. Яғни айтқандары айдай келді. Бірақ, El Mundo Deportivo айтпағы бұл ғана емес...

Жеребе тастау сәтінде ФИФА-ның бас хатшысы Жером Валькеның оқыс қимылдары мен шар ішіндегі құрамаларды бейнекамерадан таса ұстап ашуы күдік тудыруда. Сонымен қатар, ұлттық құрама атауы жазылған қағазды ашарда да үзіліс бар. Ал салтанатты кештің жүргізушісі Фернанда Лима мұндай қимылдар жасамаған. Басылымның бұл ақпараттары бойынша, жеребе алдын-ала шешіліп, дайын елдің аттары жазылған парақшалар үстел үстінде сақталған көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, Испания құрамасы «В» тобында Нидерланды, Чили және Аустралия құрамаларымен бақ сынайды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: operkor.net