Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады. Отандастарымыз топтағы бірінші ойында Коста-Рика құрамасын 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Қазақстандық футзалшылар бірінші таймда-ақ айқын басымдығын байқатты. Қарсыластар қақпасына төрт доп тоғытты. Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, Дәурен Тұрсағұлов нәтижені еселеді. Одан кейін Дуглас пен Тайнан бір-бір голдан соқты. Ал Коста-Рика құрамасы бір айып соққысын сәтті аяқтады.
Екінші таймда Біржан Оразов мергендігімен көзге түсті. Ал Тайнан ойындағы екінші голын соғып дубль авторы атанды.
Әлем чемпионаты Литвада өтуде. Қазақстан құрамасы «А» тобында бақ сынауда. Бұл топта Литва және Венесуэла құрамалары бар. Келесі ойынын отандастарымыз 15 қыркүйек күні Литваға қарсы өткізеді.