Павлодарда өтіп жатқан «Әлем барысында» жерлесіміз Руслан Әбдіразақов екінші айналымда сүрінді. Ол поляк балуаны Матзей Сарнацкиден жеңіліп қалды.
БӨЛІСУ
Мацей Сарнацки нағыз бабында екенін байқатты. Жасы да, тәжірибесі де керемет қабысып тұр. Соңғы жылдары ірі жарыстардың барлығында жүлдеге ілігіп жүрген қарсылас Русланға мүмкіндік бермеді. Поляктың салмағы да рөл ойнап кеткені анық. Сабырлы, салмақты белдесетін жерлесімізді қарсылас таза жеңіп кетті.
Алдағы уақытта боз кілемде Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров және Асыл Барменов ел намысын қорғайтын болады.
Сурет: facebook.com