«Әлем барысы». Бейбіт Ыстыбаев кубалық балуаннан ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Әлем барысы». Бейбіт Ыстыбаев кубалық балуаннан ұтылды

Павлодарда өтіп жатқан «Әлем барысында» ел намысын қорғап жатқан Бейбіт Ыстыбаев жартылай финалда кубалық Оскар Рене Видал Брайсонмен кездесіп, жеңіліс тапты.

БӨЛІСУ

Аса тартысты өткен кездесуде екі балуан да барын сала белдесті. Алғаш болып кубалық балуан әдіс жасап, жартылай жеңіске қол жеткізді. Артынша жерлесімізде намысқа тырысып, есепті теңестірді. Соңғы секундтарда кубалық балуан бүк ұпайға ие болып, қарсыласын қапы қалдырды. Нәтижесінде кубалық Оскар Рене Видал Брайсон финалға жолдама алып, тағы бір отандасымыз Айбек Нұғымаровпен белдесетін болды.

Сурет: vesti.kz