«Әлем барысы». Бейбіт әлем чемпионынан басым түсті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Әлем барысы». Бейбіт әлем чемпионынан басым түсті

Павлодарда өтіп жатқан «Әлем барысы» халықаралық турнирінде үлкен үміт күтіп отырған балуанымыз Бейбіт Ыстыбаев басты қарсыласы чех Лукаш Крпалектен басым түсті.

БӨЛІСУ

Чехия тарихында дзюдодан ең үлкен жетістікке жеткен балуан – Лукаш Крпалек. 2014 жылы әлем және Еуропа чемпионатында үздік шығып, дзюдодан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған балуанға қарсы отандасымыздың белдесуі оңай болған жоқ. Негізгі уақытта тең тарқасып, қол жібермей тік тұрып белдесуде қарсылас қолын шығарып алып жеңіліс тапты. Бұл жеңіс Бейбіт үшін оңай келген жоқ. 

Сурет: facebook.com