Павлодарда өтіп жатқан «Әлем барысы» додасында алғашқы жартылай финалға шыққан балуан да анықталды. Ол отандасымыз – Айбек Нұғымаров!
БӨЛІСУ
Ширек финалда қазақ балуаны ширақ қимылдады. Осыған дейінгі белдесулерінде Айбектің белсенділігі аса байқалмаған-ды. Бірақ, Давааням Алтангерелге қарсы белдесуде «Қазақстан барысы» барын салды. Жанкүйерлер күткен әдістерді жүзеге асыра білді. Нәтижесінде алғкашқылардың бірі болып жартылай финалға жолдама алды.
Сурет: facebook.com