«Әлем барысы». Асылдың асығы алшысынан түсті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Әлем барысы». Асылдың асығы алшысынан түсті

2014 жылғы «Қазақстан барысының» күміс жүлдегері Асыл Барменов бірінші белдесуінде Армения елінен келген Гарибян Арутянды жеңді. Қазақ балуаны жеребе бойынша турнирді екінші кезеңнен бастаған болатын.

БӨЛІСУ

Асылдың шеберлігін Астана қаласында өткен «Қазақстан барысында» байқаған болатынбыз. Жылдам әдіске сала білетін отандасымыз қарсыласын сәт сайын тізерлетумен болды. Нәтижесінде 40 жастағы армян елінің балуаны жерлесімізге қарсы қауқар таныта алмады. Келесі кезеңде Асыл Пәкістан елінен келген Мұхаммед Арпамен белдеседі.

Аз ғана минуттардан кейін 1/8 финалдық белдесулер басталады. 

Сурет. facebook.com