Алексей Полторанин Олимпиадада жүлделі орыннан көріне алмады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Алексей Полторанин Олимпиадада жүлделі орыннан көріне алмады
Фото ©️ Ізтұрған Алдауев

Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасындағы 50 шақырымдық спринттік сайыс аяқталды. Қазақстандық Алексей Полторанин жүлделі орыннан көріне алмады.

БӨЛІСУ

Жарыс қорытындысы бойынша фин Ийво Нисканен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс және қола медальды ресейлік спортшылар Александр Большунов пен Андрей Ларьков иеленді. Ал Алексей Полторанин 15-орында қалып қойды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық спортшының бас жаттықтырушысы эстон Мати Алавер шәкірті жүлделі орыннан көріне алмаса, осы маусымдағы барлық жалақысын кері қайтаратынын айтқан болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір қола медаль ғана бар. Оны фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған болатын. Ақ Олимпиада ойындары ертең аяқталады.