Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Словенияның Планица аумағында өткен әлем кубогының VI кезеңінде жеңімпаз атанды.
БӨЛІСУ
15 шақырымды жекелей классикалық әдіспен жүруде отандасымыз мәреге бірінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 36 минут 54,7 секундта жүріп өтті. Екінші орын алған норвег Йоханнес Хёсфлот Клэбо отандасымыздан 13,2 секундқа кеш келді. Үздік үштікті швед Калле Хальфварссон түйіндеді.
Айта кетейік, Алексей Полторанин қаңтар айының басында "Тур де Скидің" көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңінде дәл осы қашықтықта топ жарған болатын.