Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко «Париж — Ницца» көпкүндігінің бесінші кезеңінде бірінші келді. Ал жалпы жарыс қорытындысында екінші орында келеді.
БӨЛІСУ
Бесінші кезеңде велошабандоздар 198 шақырымды басып өтті. Жарыстың 28-шақырымында Алексей Луценко қарсыластарынан оқ бойы озып, мәре сызығын жеке-дара кесті. Отандасымыз бұл қашықтықты 5 сағат 26 минутта бағындырды.
Алексей Луценко жалпы есепте австралиялық Майкл Мэттьюстан 6 секундқа қалып келеді.