Велоспорттан Олимпиада ойындарында ел намысын Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев қорғайтын болды. Бұл туралы Қазақстан велоспорт қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қос спортшы да «Астана» клубында өнер көрсетеді. Еліміздің жаттықтырушылар кеңесі солтүстік қазақстандық спортшыларға сенім артып отыр.
23 жастағы Алексей Луценко спорттық мансабында ірі жарыстарға қатысып, тəжірибе жинаған спортшылардың бірі. Азия ойындарында жеңімпаз атанған. «Алматы туры» жарысында екі рет жеңіс тұғырынан көрінді. Жекелей сында талай халықаралық жарыстарда ірі жетістіктерге қол жеткізген. Бақтияр Қожатаев та халықаралық жарыстарда жүлделі орындардан көрінген спортшылардың бірі.
Айта кетейік, велоспорттан Рио Олимпиадасындағы жарыстар 6-20 тамыз аралығында өтеді.