Александр Бублик Штутгарттағы турнирдің ширек финалына шықты

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Александр Бублик Штутгарттағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото ©️ Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Штутгарттағы (Германия) ATP 250 турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингіде 131-орында тұрған сербиялық Хамад Меджедовичті 6:1, 7:6(7:4) есебімен ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Матч 1 сағат 21 минутқа созылды. Бұл теннисшілердің алғашқы жеке кездесуі болды.

Бублик ширек финалда италиялық Лоренцо Музеттимен ойнайды. Ол германиялық Доминик Кепферді жеңді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз