Александер Стубб: «Мен Винокуровтың жеке жанкүйерімін»

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент
Уалихан ҚОСАНБАЙ>
Александер Стубб: «Мен Винокуровтың жеке жанкүйерімін»

Бұл туралы бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстанның велоспорттан ұлттық құрамасымен бірге жаттығу жасаған Финляндияның Еуропалық одақ істері жөніндегі және сыртқы сауда министрі Александер Стубб айтты.

БӨЛІСУ

«Бұрын-соңды велодромда велосипедпен жүріп көрген емеспін. Дегенмен мен «Астана» командасы мен Александр Винокуровтың жеке жанкүйерімін. Әрине, ол бүгін жаттығуға келсе жақсы болар еді, алайда жол жүріп кеткендіктен, келе алмады», - деді А. Стубб.

«Бір өкінішім, велоспортпен кешірек, 40 жастан кейін айналыса бастадым. Дегенмен, жас кезімнен спортқа бейімім бар. Лондон олимпиадасында, Британ құрамасында өнер көрсеткен финдік спортшы Юсси Вейкканенге жанкүйер болдым. Британ құрамасы жеңетін шығар деп ойлағанмын. Алайда Винокуров жеңген кезде өте қатты қуандым. Мен оның спорттық жолын жақсы білемін, «Тур де Франста» жарақат алғанынан да хабардармын. Винокуровтың Олимпиада алтыны мансабындағы алтын тәжі болды. Спорт мен үшін өмірімнің қызығы. Саясаткер болғандықтан, жұмыс бабымен 1 жылдағы 365 күннің 120-сын жолда, шетелдерде өткіземін. Егер де мен спортпен айналыспаған болсам, осындай ауыртпалықты көтере алмас та едім. Шынымды айтсам, менен білікті саясаткерден гөрі кәсіби спортшы оңайырақ шығар ма еді деп ойлаймын кейде», - деп бөлісті өз ойымен А. Стубб.  

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: www.euromag.ru