«Манчестер Юнайтед» футбол командасының бұрынғы бапкері Алекс Фергюсон чемпиондар лигасының жауапты ойындары қарсаңында испаниялық «Реал Мадрид» командасы мен «Шальке» арасындағы ойынды алаңнан тамашалады.
Сырттай қонақ болып келген бапкер ойын тәмамдалғаннан кейін мадридтік клубтың көшбасшысы Криштиану Роналдумен түскі ас ішті. Дастархан үстінде Фергюсон Роналдуды қайтадан «Манчестерге» оралуға үгіттеуге келгені мәлім болды, деп жазады sport.es.
Естеріңізге сала кетейік Роналду 2003 – 2009 жылдар арасында Фергюсонның жаттықтыруымен «Манчестер Юнайтед» сапында ойнаған. Ең алғашқы «Алтын добын» 2008 жылы дәл осы командамен жеңіп алған болатын. Бірақ мадридтік клубтың басшылығы болса, португалдық шабуылшыны әзірге өз командаларынан жібергісі келмейтіндерін де байқатуда.
Сурет: bestbet.net