Алекс Фергюсон – маусымның ең үздік жаттықтырушысы

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Алекс Фергюсон – маусымның ең үздік жаттықтырушысы

Бапкерлікпен қош айтысқалы жүрген «Манчестер Юнайтедтің» бас жаттықтырушысы Алекс Фергюсон ағылшын ішкі біріншілігінде осымен 11-рет "Ең үздік бапкер" атанып отыр. Бұл жайында кешегі күні Премьер-лиганың Twitter-дегі ресми бетінде белгілі болды.

БӨЛІСУ

Ең алғаш иелік еткен 1994 жылдан бастап, содан бергі 20 маусым ішінде шотландық маман 11-рет ең үздік бапкер атанған. Ізін өкшелеп келе жатқан Арсен Венгерде үш марапат қана бар. Маусымның осы таңында "МЮ" командасына клуб тарихындағы 20-чемпиондық атақты алып берді. Және «Вест Бромвичпен» арада болатын соңғы кездесу сэр Алекстің футболдағы мансап жолына соңғы нүктені қоймақ.

Естеріңізде болса, "Тоттенхэм" командасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл маусымның ең үздік ойыншысы атанған еді, 32 ойында 20 доп соққан. Сонымен қатар 23 жастағы валиялық аяқдопшы кәсіби футбол қауымдастығының нұсқасы бойынша жыл ойыншысы және ең жас үздік футболшы атанып шыға келген-ді.

 

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек