Алаңнан қуылған футболшы төрешіні атып кетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Алаңнан қуылған футболшы төрешіні атып кетті
Фото ©️ lugansk1.info

Аргентинада алаңнан қуылған футболшы бас төрешіні атып кетті. Жасыл алаңдағы оқыс оқиға елдің Кордова қаласында орын алды. Бұл туралы Британияның «Mirror» басылымы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Бас төреші Сесар Флорес ойыншыға қызыл қағаз көрсетіп, ойыннан қуған. Алаңнан кеткен 25 жастағы футболшы қайта оралып, төрешіге қарсы оқ жаудырған. Нәтижесінде бас төреші оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ футболшы Вальтер Сарате де жарақат алған.

- Барлығы да ойын кезінде орын алған. Біз футболшы мен төреші арасындағы қақтығыс қалай орын алғанын білмейміз. Алайда футболшының ашулы болғаны анық. Алаңға қарумен шығып төрешіні атып тастаған, - дейді жергілікті полицейлер.

Қазіргі таңда төрешіні атқан футболшыға іздеу жарияланған.