Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлмен татамиде белдесіп, бірнеше рет әдісіне түсіп қалды. Бейнежазбаны Сметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
"Алғашқы бапкеріммен 5 жасымда күресіп, ұта алмай жылап қалушы едім. Әлі күнге ұта алмай келемін", - деп жазды дзюдошы.
60 келі салмақ дәрежесінде белдесетін қазақстандық дзюдошы алғашқы бапкері жайлы әркез айтып жүреді. Олимпиада ойындарынан кейін Т.Рысқұлов ауданына барғанда жерлестері сыйлаған көлікті Ахмет Жұмағұлға тарту еткен еді.
@yeldos60kg #yeldossmetov #легенда #рек #judo #рекомендации #elbruso ♬ оригинальный звук - yeldos60kg
Айта кетейік, Елдос Сметов ұлттық құрама сапындағы оқу-жаттығу жиынына қаңтар айының басында қосылады.