Ақырғы айқастағы айрықша сәттер (видео)

Шерхан Талап Корреспондент
Шерхан Талап>
Ақырғы айқастағы айрықша сәттер (видео)

Қазақша күрестен Тараз қаласында өткен «Еуразия барысында» ел құрамасы жеңіс тұғырынан көтеріліп, бас бәйгені елде қалдырған болатын. Ақтық айқаста моңғол палуандарымен бақ сынағн жерлестеріміз 4-1 есебімен жеңіске жетті. Ел құрамасынан Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов, Мұхит Тұрсынов, Бейбіт Ыстыбаевтар ел намысын қорғады. Жұртшылық асыға күткен аса ауыр салмақтағы Бейбіт Ыстыбаев пен Сугаржардал Болдпурев арасындағы белдесу болды. 134 келiлiк Бейбiт өзiнен 60 келi ауыр 194 келiлiк моңғол балуанын 3-шi минут дегенде iштен шалып құлатты.

БӨЛІСУ

Сіздердің назарларыңызға «Еуразия барысындағы» ақырғы айқастың бейнежазбаларын ұсынамыз:

Бейбiт Ыстыбаев пен Сугаржаргал Болдпурев арасындағы белдесу.

Абзал Арыстанбеков пен Ганболд Херленнен арасындағы белдесу.

Ерлан Естек пен Раджа Санжатуре арасындағы белдесу.

Ерсін Мұхамеджанов пен Тувшинджаргал Ган арасындағы белдесу.

Мұхит Тұрсынов пен Моңғолиядан келген қазақ Серік Бәйкемұраттың белдесуі.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

134 келiлiк Бейбiт өзiнен 60 келi ауыр 194 келiлiк моңғол балуанын 3-шi минут дегенде iштен шалып құлатты.