«Ақтөбеге» жаңа бапкер келді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
«Ақтөбеге» жаңа бапкер келді

Ресейлік маман Владимир Газзаев «Ақтөбе» командасының  бас бапкері болып тағайындалды. Ресми келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ. «Ақтөбе» клубының ресми сайты хабарлағандай, Владимир Газзаев жақын күндері өз жұмысына кіріседі деп күтілуде. Келісімшарт мерзімі жарты жылға жоспарлануда.

БӨЛІСУ

Владимир Газзаев футболдық мансабын владикавказдық «Алания» клубында бастаған. Футболшы ретінде 1997-98 жылдары төменгі дивизионда екі маусым өткізген. Бұдан кейін футболдағы мансабын аяқтауға шешім қабылдаған. Алайда араға 11 жыл салып дәл осы «Алания» клубына қайта оралады. Бірақ бұл жолы футболшы ретінде емес, бапкерлік қырынан бағын сынап көруді ұйғарады. 2009 жылы клубтың бас бапкері Валерий Петраковтың көмекшісі болып тағайындалады. Одан кейін клубқа румыниялық маман Мирчи Редника келгенде де сол қызметінде қала береді. 2011 жылы команданың бас бапкері атанғанша бапкерлер штабының құрамында қызмет етеді. Владимир Газзаевтың әкесі Валерий Газзаев клубтың президенті болып қызмет атқарады. «Алания» клубы Владимир Газзаевтың жетекшілігімен тұңғыш рет Ресей кубогының финалына шығып, премьер-лигаға жолдама алған.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» командасының бас бапкері Владимир Никитенко жақында ғана жұмысынан кеткен болатын.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz