«Ақтөбе» мен «Динамо» жеңімпазы кездесетін командалар анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Ақтөбе» мен «Динамо» жеңімпазы кездесетін командалар анықталды

Жаңа ғана Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде кездесетін командалардың жеребесі тартылды. Чемпиондар лигасында ел намысын қорғап жатқан «Ақтөбе» байрақты бәсекенің екінші іріктеу кезеңінен өтсе, норвегиялық «Стремсгодсет» пен румыниялық «Стяуа» клубтарының арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Алғашқы кездесу 29-30 шілдеде өтсе, 5-6 тамыз күні қарымта кездесу өтеді. Қарсылас қос команда арасындағы алғашқы кездесуде бухаресттік ұжым бір доп басымдығымен жеңіске жеткен.

БӨЛІСУ

Естеріңізге сала кетсек, жерлестеріміз екінші іріктеу кезеңіндегі тбилисилік "Динамоға" қарсы бірінші ойында жеңіске жеткен болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com