Алдағы екі-үш күнде "Ақтөбе" клубы Армения ұлттық құрамасы мен ресейлік "Краснодардың" жартылай қорғаушысы Маркос Пиззеллиді өз қатарына қосуы мүмкін.
Sovsport.ru таратқан ақпарға сенсек, 29 жастағы жартылай қорғаушы қаңтардың 15 жұлдызы аралығында "Ақтөбе" клубына ауысып келмек ниетте. Екі клуб арасындағы келіссөз ортақ шешім табуға бір табан жақын тұр екен.
Ел футболына қосылатын ойыншы 2012 жылы краснодарлық "Кубанның" жейдесін киіп, аталған клуб сапында өзі қатысқан 31 ойында 8 доп соққан. Осы жылдың мамыр айында «Краснодар» сапына ауысып, 8 ойында 2 допты еншісіне жазыпты.
Естеріңізге сала кетсек, "Ақтөбе" сапында Маркос Пиззеллидің ұлттық құрамадағы әріптесі Роберт Арзуманян өнер көрсетеді. Осы күндері Арменияның тағы бір қорғаушы Левон Айрапетян елімізде тексерістен өтуде.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: sovsport.ru