"Ақтөбе" жаңа маусымды -6 ұпаймен бастайды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Ақтөбе" жаңа маусымды -6 ұпаймен бастайды
Фото ©️ "Ақтөбе" ФК (vk.com)

"Ақтөбе" футбол клубы жаңа маусымды -6 ұпаймен бастайтын болды. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ФИФА-ның тәртіптік комитетінің шешімімен футболшы Айоделе Аделейеге төлемеген қарызы үшін "Ақтөбе" футбол клубынан Қазақстан Чемпионатының турнир кестесінен 6 ұпай алып тастау туралы санкция қолданылғанын хабарлайды. 

"Ақтөбе" футбол клубы 2019 жылғы маусымда тур кестесін "-6 ұпай" көрсеткішімен бастайды, - делінген ресми ақпаратта.

Футболдан ел премьер-лигасы жаңа маусымының кестесі

Айта кетейік, "Ақтөбе" футбол клубы 2014 жылдан бері қаржылық жағдайына байланысты қиындықтарды бастан өткеріп келеді. Бірнеше ойыншылары жалақы алмағаны үшін ФИФА-ға шағым да түсірген еді. 2018 жылы команда ойыншылары алдындағы қарызы үшін 6 ұпайдан айырылған еді.