"Ақтөбе" алғашқы ойында ұтылып қала жаздады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Ақтөбе" алғашқы ойында ұтылып қала жаздады

Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында ел премьер-лигасының көшбасшысы "Ақтөбе" румындық "Стяуа" командасын қабылдаған болатын...

БӨЛІСУ

Алғаш болып румындықтар сапынан Клаудиу Кешеру есепті ашқан еді. Бұл тұста Андрей Сидельниковтың өрескел қателігі орын алғанын айта кетуге болады.

Бірінші таймда ақтөбеліктер белсенді қимылдағанмен, қауіпті сәттерді пайдалана алмады. 

Екінші таймда ақтөбеліктер Румыния чемпиондарына қарсы лайықты ойын өрнегін көрсете алды. Екі рет ұтылып жатып, батыстық команда мінез танытты.

"Ақтөбе" екінші ойында жеңіске жетуі тиіс, ал "Стяуа" клубы осы тең есепті ұстап тұрса да жеткілікті. Қарымта ойын 6 тамыз күні өтеді.

Чемпиондар Лигасы, үшінші іріктеу кезеңі, алғашқы матч

«Ақтөбе» (Қазақстан) - «Стяуа» (Румыния) - 2:2.

Коробкин, 58, Арзуманян, 88 -  Кешеру, 44, Препелицэ, 79

«Ақтөбе»Сидельников, Мирошниченко, Мулдаров, Арзуманян, Сантана, Царикаев, Коробкин, Неко, Хайруллин, Пиззелли, Антонов.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sk-sport.kz