22 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында ақмаржан Ақтауда триатлоннан Қазақстан Республикасы ұлттық біріншілігінің ақтық сайыстары өтеді.
Elite (кәсіпқойлар) санатындағы спортшылар ел чемпионаты аясында сайысатын болса, Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар "TEMIRADAM" Кубогыфиналының жеңімпаздарын анықтайтын болады.
Барлық спортшылар "half-iron" (жартылай темір) деп аталып кеткен 1900 метрге жүзуден, 90 шақырым велодода және 21 шақырымға жүгіруден құралатын "орташа" қашықтықты – бағындырмақ. Қазақстанның түрлі аймақтары мен алыс-жақын шет елден келген 130-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Сайыс бағдарламасы
Күні |
Уақыты |
Іс-шара |
22 қыркүйек |
06.00 сағ. |
Транизиттік зонаның ашылуы/ Elite, Age Group санаттарындағы спортшылар жаттығуының басталуы |
06.45 сағ. |
Транзиттік зонаның жабылуы/ Elite, Age Group санаттарындағы спортшылар жаттығуының аяқталуы |
|
06.50 сағ. |
Elite, Age Group санатындағы спортшыларды таныстыру |
|
07.00 сағ. |
Elite санатындағы ерлер жарысының басталуы |
|
07.05 сағ. |
Elite санатындағы әйелдер жарысының басталуы |
|
07.10 сағ. |
Age Group санатындағы спортшылар жарысының басталуы |
|
15.40 сағ. |
Мәре |
|
16.00 сағ. |
Марапаттау рәсімі |
Анықтама
Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.
"TEMIRADAM" Кубогы – халық арасында триатлонды дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқой) спортшылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.