Ақтауда төрешілерді ұрған жаттықтырушы қатаң жазаланды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ақтауда төрешілерді ұрған жаттықтырушы қатаң жазаланды
Фото ©️ 1bol.kz

Ақтауда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Республика чемпионатында төрешілерге жұдырық сілтеген жаттықтырушы Ерік Маржықпаев жарыстардан екі жылға шеттетілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

БӨЛІСУ

Даулы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді. Онда Ерік Маржықпаевтың жарыстың бас төрешісі Бақытжан Бекпенбетовті ұрған сәті анық көрінеді. Сондай-ақ оны тоқтатуға тырысқан Ғани Ысқақовқа да сес көрсеткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спорт Шрёдингера (@sportilinet)

Оқиға жаттықтырушының нәтижеге көңілі толмағаннан басталған. Ақмола облысының спортшысы Дамир Ибрагимов пен Астана қаласының спортшысы Кенесарыәмір Маржықпаев кездескен. Жекпе-жек Ибрагимовтің пайдасына 4:1 есебімен аяқталған. Нәтиже жарияланған соң Астана қаласының жаттықтырушысы (К.Маржықпаевтың әкесі) Ерік Маржықпаев төрешілер шешіміне қарсылық білдіріп, дауыс көтеріп, кейін текетірес орын алып, ол төрешілерге физикалық күш көрсетті.

Боксшылар әулетінің өкілі болып табылатын Ерік Маржықпаев көп ұзамай басқа мамандардан кешірім сұрады. Осыған орай Қазақстан бокс федерациясы Маржықпаев Е. мәселесі бойынша Атқарушы комитеттің отырысын өткізіп, ҚР спорттық этикасының бұзылу мәселесін қарастырды.

Отырыс нәтижесінде келесі шешім қабылданды: Маржықпаев Е. бапкерлерді, төрешілерді, жарыс ұйымдастырушыларын құрметтемегені үшін және ҚР спорттық этикасын бұзғаны үшін бокстан жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстардан 2 жылға шеттетілді, - деп хабарлады ҚБФ.

Айта кетейік, Ерік Маржықпаев бұрынғы спорт министрі болған Ермек Маржықпаевтың туған ағасы.