Ақтауда ММА файтері қоқыс контейнері маңынан өлі табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Ақтауда ММА файтері қоқыс контейнері маңынан өлі табылды
Фото ©️ ©️ lada.kz

Ақтауда 3-шағынауданнан аралас жекпе-жек файтері Вусал Джафаровтың денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Мәйіт 20 қыркүйекте қоқыс жәшіктерінің маңынан табылды. Дене адам шошырлық күйде жатқан, ісініп, қарайып кеткен. 

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Ер адамның мәйіті табылуына байланысты соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Желі қолданушылары Джафаров соққыға жығылғанын, оның денесі бірнеше күн бойы далада жатқанын жазды.

Ашық дереккөз мәліметінше, Вусал Джафаров – 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз