Ақтауда футбол орталығы ашылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ақтауда футбол орталығы ашылды
Фото ©️ kff.kz

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, «Каспий» футбол клубының футбол орталығы ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Ашылу рәсімі 2012-2022 жылдары Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. Клуб жыл сайын футбол орталығына 109 миллион теңге бөледі. Бұл қаржыға спорттық жабдықтар, орталықтың тәрбиеленушілері мен жаттықтырушыларының спорттық киімдері алынады. Сонымен қатар, жаттықтырушылардың жалақысы мен жасөспірімдер командалардың іссапарларының шығыны төленеді.

«Каспий» футбол клубының футбол орталығында қазіргі уақытта 14 топ бар. Онда 300-ге тарта бала футболмен шұғылданады.

- Елбасы 2020 жылға қарай спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға жеткізу міндетін алға қойды, - дейді ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов. - Футбол орталығында тәрбиеленетін балалардың саны айтарлықтай өседі. Орталықтың басты міндеті - футболшыларды дайындау. Олар облыс командасының және ұлттық құраманың намысын қорғауы тиіс. Футбол орталығының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу күндері ашылды. Футбол орталығының салтанатты ашылу рәсімі Елбасының Ақтау балаларына арнаған сыйы деп айтуға болады.

Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймағында 16 футбол орталығы жұмыс істеп тұр. Тағы бір футбол орталығы алдағы уақытта Петропавл қаласында ашылады.