Ақтауда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ақтауда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді
Фото ©️ HARCORD

1 мамыр күні Ақтауда аралас жекпе-жектен NFC-18 халықаралық турнирі өтеді. Бұл күні жиналған көрермендер 10 тартысты жекпе-жектің куәсі болады, - деп хабарлайды жарысты ұйымдастырушылар.  

БӨЛІСУ

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталмандары өзге елдің үздік спортшыларына қарсы кездесу өткізеді. Атап айтар болсақ, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінің мықтыларымен күш сынасады.

Октагонда NFC тұжырымы бойынша ГРАН ПРИ финалистері Серікбай Ходжабаев, Шүкір Сағынай, Кужбаев Алиқожа, сонымен қатар, ММА-дан әлем чемпионы Санжар Әділов сынды жауынгерлер еліміздің атынан шығады.

Кештің басты жекпе-жегінде NFC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу иегері Ералы МАКСИМУС Абдыровқа қарсы Қырғызстаннан келген WEF чемпионы Нұрғазы Балтабаев шайқасады.

Ресми салмақ өлшеу рәсімі 30 сәуір Ақтау қаласындағы "Арман" жастар орталығында өтеді.