Акинфеев антирекордын еселей түсті

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Акинфеев антирекордын еселей түсті

Чемпиондар лигасының 6-турында мәскеулік "ЦСКА" мен мюнхендік "Бавария" командалары кездесіп, 3:0 есебімен германиялық клуб жеңіске жеткен болатын. Бұл ойында ресейлік қақпашы Игорь Акинфеев аталған турнирде 27 ойын қатарынан гол жіберіп, антирекордын еселей түсті.

БӨЛІСУ

Чемпиондар лигасы турнирінде "ПСВ" командасының бұрынғы қақпашысы Роналд Ватеррес 16 ойын қатарынан гол жіберсе, "Панатинаикос" және "Олимпиакос" командаларының бұрынғы қақпашысы Антонис Никополидис 15 ойын қатарынан қақпасынан доп алып шыққан екен.  Ал Акинфеевтің Чемпиондар лигасындағы антирекорды Мәскеуде «Викторией Пльзень» (3:2) командасына қарсы өткен ойында орын алған болатын. Ресейлік қақпашы ол кезде қатарынан 17-ші рет қақпасын қорғай алмай, қапыда қалған-ды.

Қоса кетсек, Игорь Акинфеев "ЦСКА" сапында Ресей біріншілігінің өткен маусымында 17 ойында 16 гол жіберген болатын.

Тағы бір статистикалық мәлімет, Белоруссияның "БАТЭ" командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ең көп гол жіберген команда ретінде антирекорд жасағанын көрсетіп отыр. Өз тобында соңғы орында қалып кеткен "БАТЭ" командасы жалпы саны 24 гол жіберген екен. Чемпиондар лигасының бұған дейінгі антирекорды хорватиялық "Динамо" және даниялық "Норшеллан" командаларына тиесілі болатын. Бұл екі ұжым топтық кезеңдегі қарсыластарынан 22 гол жіберіп алған екен.

Сурет: www.eurosport.ru