Ахмедов 16 боксшыны сұлатқан мексикалықпен айқасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Ахмедов 16 боксшыны сұлатқан мексикалықпен айқасады
Фото ©️ Видео кадры

Америкалық 360 Promotions компаниясы бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

27 жастағы қазақстандық рингке 19 сәуірде АҚШ-тың Коммерс қаласында өтетін бокс кешінде шығады. Садриддин кештің басты айқасында мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады.

"Садриддин Ахмедов сенбіде, 19 сәуірде UFC Fight Pass-тағы үшінші кездесуін өткізеді. Элиас Эспадаспен жекпе-жекте ол өзінің мінсіз рекордын сақтап қалуға тырысады: 15-0, 13 нокаут", - деп жазылған хабарламада. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз